«Бүгін түнгі 23:59 бен таңғы 06:00 аралығында Рысқұлов пен Москвин көшелерінің арасы жүргізушілерге жабық болады. Ол Солтүстік айналма жолында аспалы жаяу жүргіншілер көпірінің тіреу ағаштарын монтаждауға байланысты жабылып отыр» деп мәлім етті қалалық мобильділік басқармасының баспасөз қызметінен.
Автокөлік қозғалысы көрсетілген сызба бойынша жүзеге асады.