Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде таралды. Кадр сыртындағы дауыста Солтүстік айналма жолында жолдан өткен адамды қағып кеткенін айтты.
«Жол апаты бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. «Isuzu» көлігі 47 жастағы ер адамды қағып кетті. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді қалалық Полиция департаментінің өкілі.