Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, өрт туралы хабарлама таңертеңгі сағат 10:26-да түскен.
Райымбек 305 мекенжайында орналасқан барак типтес үйдің бір бөлмесі өртеніп, тілсіз жау үйдің шатырын алып кеткен.
Каркас-қамыстан жасалған үйде 3 отбасы тұрады екен. Өрт сөндірушілер өртті 13 минутта ауыздықтап үлгерді. Өрттің зардаптары туралы толық ақпарат кейінірек хабарланады.