Алматыда баракта болған өрт салдарынан үш ересек адам және екі бала құрбан болды

АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Бес адам, олардың ішінде жаңа туған нәресте мен 4 жасар бала бар, Алматыда барак типтес үйдегі пәтерлердің бірінде болған өрттің құрбаны болды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпараты бойынша, «тамыздың 26-сы күні Алматының Жетісу ауданындағы Райымбек даңғылында орналасқан барак типтес 3 пәтерлі тұрғын үйдегі №3 пәтерден өрт шыққан». 70 шаршыметрге жайылған жалынды сөндіру кезінде бес адамның денесі табылып отыр, олардың ішінде нәресте мен 4 жасар бала бар.