Алматыда «Бархан» дәмханасы өртке оранды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Бархан» дәмханасы өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі, қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өрт туралы хабарлама 15:27-де түскен. Тілсіз жауды 15:48 ауыздықтау мүмкін болды. Өртті сөндіруге 30 адам мен 9 техника жұмылдырылды.
  

Алдын ала ақпарат бойынша, өрт асханадағы ауа сорғыштың істен шығуынан басталған.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, ғимараттың  шатыры өртенген. Мамандар жапсарлас орналасқан нысандарды оттың  шарпуының алдын алуға бар күшін салды.

Қызыл жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттен ешкім жапа шеккен жоқ.