Алмалы сауда орталығының жер асты бөлігінде жазғы маусымда өтетін бұл шараны «Fitnation» фитнес клубының кәсіби нұсқаушылары өткізеді. Оған барлық адам жас ерекшелігі мен физикалық дайындығына қарамастан қатыса алады. Оны ««Алмалы Трэйд» ЖШС, «Fitnation» фитнес-клубтары желісі мен Алматы қаласы әкімі аппаратының жастар саясаты жөніндегі басқармасы бірлесіп ұйымдастыруда.
«Алмалы» сауда орталығы қаланың ортасында орналасқан. Оның жалпы аумағы 25 мың шаршы метрді құрайды. Үш қабатты бұл нысанның екі қабатында сауда-саттық, кинотеатр және тамақтану орындары бар. Ал үшінші қабатында 10 мың шаршы метрлік көлік тұрағы орналасқан.