19 наурызда алматылықтардан 63:75 есебімен жеңіліс тапқан Астананың «КАТУ жолбарыстары» кеше Қостанайдың «Тобылына» 44:93 есебімен ойсырай ұтылды. Ал Атыраудың «Барыстарын» 110:69 есебімен жеңген «Астана» баскетболшылары бүгін енді өз жерлестерімен шеберлік байқаспақ. 24 наурызға дейін созылатын бұл бәсекеде ертен «Астана» мен «Тобыл», «Алматы» мен «Барыстар» кездеседі.
15:28, 21 Наурыз 2012
Алматыда баскетболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогы жарысы өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде баскетболдан ерлер арасында Қазақстан кубогы жарысындағы «Астана» мен «КАТУ жолбарыстары» және «Алматы» мен «Тобыл» командаларының кездесуі өтеді.