Комендатура хабарына сәйкес, сағат 13-00-дегі мәліметтер бойынша қалада терроршылардың қолынан құқық қорғау органдарының 353 қызметкері зардап шегіп, 13 құқық қорғаушы қаза тапты. Олардың ішінде екеуінің мүрдесі басы кесілген күйінде табылды. Комендатураның атап өтуінше, дәл осы жайт Алматыға шабуылдаған бандылардың іс-әрекеті терористік және экстремистік сипатта екендігін тікелей дәлелдейді.
Бүгін таңертең атыс қарумен қаруланған бандиттер тобы Алматыдағы №1 және №7 көпбейінді клиникалық ауруханасын қоршауға алған. Қала комендатурасының ақпараты бойынша терроршылар жедел жәрдем көлігімен келген науқастарды және медицина қызметкерлерін ауруханаларға жібермей жатыр.