Алматыда «Байсат» базары аумағынан өрт шықты
15:15, 21 Тамыз 2023
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Байсат» базарында контейнерлер өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматыда «Байсат» базарында орналасқан контейнерлер арасында тілсіз жаумен күресіп жүрген өрт сөндірушілердің видеосы желіде жарияланды.
Постта «Байсат» базарындағы контейнерлер өртенгені жазылған.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті жалын сағат 14: 50-де ауыздықталып, сөндірілгенін хабарлады.
Өрттің шығу себебі, зардабы туралы қосымша хабарланады.
Еске салайық, жақында Алматыда «барахолка» базары маңында өрт шыққан болатын, сондай-ақ, «Барлық» базары аумағында орналасқан фастфуд дүңгіршектері де өртенген.