«Көктемнің алғашқы күнінде табиғат бізге тосын сый жасап, ботаникалық бақта бәйшешек гүлдеді. Ақ бүршіктері бар нәзік өсімдіктің пайда болуына байланысты қыс аяқталды деп, сенімді түрде айта аламыз. Сондай-ақ, ол жаңа өмірге деген үміт пен суықты жеңудің символы болып есептеледі», - делінген Ботаканикалық бақтың Іnstagram парақшасында.
«Сізден бәйшешекке қамқорлық жасауыңызды өтінеміз: көгалдарда жүрмеңіз, тіпті жұлмаңыз. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік түрлерінің жойылуы айыппұл салумен, тіпті 3 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады», - деп жазды Ботаникалық бақ өкілдері.