Алматыда бәйшешек гүлдеп жатыр
Бәйшешектің латынша атауы «галантус». Ол гректің «гала» – сүт және «антус» – гүл деген сөзінен шыққан, яғни қазақша сүт тамшысы деген мағына береді. Бәйшешектің аппақ қауызы шын мәнінде де, қатып қалған сүт тамшысына ұқсайды.
Табиғатта бәйшешектің 18-20 түрі бар. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген бәйшешек, оны Алатау жауқазыны деп те атайды.
Қазақстан ұлттық энциклопедиясының 2-ші томындағы мәліметке сәйкес, бәйшешек - құртқашаштар тұқымдасына жататын көп жылдық тамыр түйнекті өсімдік. Қазақстанда Іле, Жетісу (Жоңғар), Күнгей Алатауларында, Кетпен жотасында, Қаратауда өседі.
Бәйшешектің Алатау бәйшешегі және Корольков бәйшешегі деген түрлері бар. Биіктігі - 10-30 см. Тамыр түйнектері ұзынша немесе шар тәрізді домалақ болады.
Шоғырланып біткен таспа жапырақтарының саны 6-9, ұзындығы - 10-12 см.
Бұл гүлдерді жұлуға болмайды.