Алматыда Baz&Art фермерлердің шоу жәрмеңкесі ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Көк төбе» саябағында фермерлердің күздік «Kok Tobe.Baz&Art» бірінші шоу жәрмеңкесі ашылды.


Шоу бағдарлама француз асханасының гастрономиясына мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр. Жәрмеңкеде 7 француз шеф-аспаз бен Огюст Эскофье ізіне ерушілер халықаралық қауымдастық мүшелері мен аталған ұйымның қазақстандық мүшелері мастер-клас өткізді.

   

Парк аумағындағы жәрмеңкеде фермерлер асханасының азық-түлік өнімдері, күнделікті тұтынатын тауарлар, асхана құралдары келушілерге ұсынылды.

 

Кешқұрым Рустам Оспановтың «JAZZYSTAN» музыкалық бағдарламасы өнер көрсететін болады. Ол фестивальде Лион, Париж (Франция) және алматылық  Voilaaa Sound System, Anders Sicre сынды әншілер мен диджейлер тобы шығармашылық туындыларын ұсынады.

 

Бұған дейін Францияның Алматыдағы бас консулы Патрик Ренар биылғы жәрмеңкеде француз асханасына көбірек көңіл бөлінетіні туралы айтқан.

   

«Үйіңізде әзірлеп беретін ұлттық, қарапайым, қолжетімді тамақтар ұсынады. Фестивальде Франциядағы баға бойынша азық-түлік сатылады», деген болатын бас консул.