оның салдарынан 8 адам зардап шекті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, төтенше оқиға базардың ішінде орналасқан «Достар» дәмханасында орын алды. Газ-ауа қоспасының жарылуынан болған өрт ғимараттың 40 шаршы метр аумағын шарпыды.
«Жарылыс салдарынан 8 адам түрлі дәрежедегі күйік жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайды жоюмен ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД-ның жеке құрамдағы 5 адамы мен 1 техникасы айналысты», дейді баспасөз қызметіндегілер.