Алматыда базар маңындағы ірі өрт толық сөндірілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы қоймалардан шыққан күрделі өрт 12-22-де сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

«Төтенше оқиға салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, өрт сөндірушілер өрттің көрші құрылыстарға таралуына жол бермеді», - деп мәлімдеді ТЖМ-нен.

Өртті жоюға барлығы ТЖД жеке құрамның 120 адамы және 33 техникасы, сондай-ақ су тасу үшін Алматы қаласының коммуналдық қызметтері мен құтқару қызметінің 7 су тасығышы жұмылдырылды.


Өрт орнында ІІМ қызметкерлерінің қатарынан қоршау қойылды.

Айта кетейік, таңғы сағат 7:16 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Москин, 7В мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртуға шыққан болатын.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, бірнеше өрт сөндіру учаскесі құрылды.