Алматыда базар өртенді

None
АСТАНА.  Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат -   Алматыдағы  базарлардың бірінде    сейсенбі күні  таңертең    350 метр  ауданның    сауда-қойма  жайлары өртенді,

деп   хабарлайды  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз   қызметінен.

Өрт   бүгін  сағат 03.18-де  «Алматы-1»    базарының аумағында   болған. Тілсіз жауды      қалалық төтенше жағдайлар   департаментінің  өрт сөндіру қызметі    үш  сағаттың ішінде ауыздықтады.   Құрбан болғандар мен   зардап шеккендер  жоқ.