Кеше кешкі сағат 18:00 шамасында тұтанған өрт 1 сағатта ауыздықталды. Куәгерлердің айтуынша, 10 сауда қойма орнына зақым келген. Алдын ала берілген ақпараттарға жүгінсек, өрт базар аумағында газ дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде орын алған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды 24.kz.
08:00, 04 Ақпан 2014
Алматыда базар өртенді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда тағы базар өртенді. Бұл жолы тілсіз жау Райымбек даңғылы мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында орналасқан «Жұлдыз» көтерме сауда базарын жайпады, деп хабарлады қаланың ТЖД баспасөз қызметінен.