«27 сәуірден бастап біз басқа секторларға көшеміз. Алдағы дүйсенбіде көлік жуу, шинимонтаж және кеңсе техникасын жөндеу орталықтарын ашамыз деп ойлағанбыз. Бірақ белгілі бір себептермен 27 сәуірге қалдырдық. Сондай-ақ, кір жуатын, химиялық тазартқыш орындары мен үйдің жанындағы шағын дүкендерді қарастырамыз. Алайда адам көп жиналатын ірі сауда орталықтары, сауда үйлері, үлкен азық-түлік дүкендер мен мейрамханалар мамыр айының ортасына дейін карантиндік режимде болады»,– деді Бақытжан Сағынтаев бейнеконференция барысында.
13:49, 16 Сәуір 2020
Алматыда базарлар мен мейрамханалар қашан ашылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада көлік жуу, мейрамханалар мен сауда орталықтары қашан ашылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.