Алматыда белгісіз азамат полицияға қоқыс жәшігінде 2 граната салынған чемодан жатқандығын хабарлады

АСТАНА. Қазанның 11-і. ҚазАқпарат - Жексенбі күні кешкісін Алматы қалалық ІІД-іне белгісіз азамат Төле би көшесі бойында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй аумағындағы қоқыс жәшігінде 2 граната салынған чемоданның жатқандығын хабарлаған.

Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Аталған жерге құрамында ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 3 маманы мен 1 техникасы бар жедел әрекет ету қызметінің 15 қызметкері мен 8 техникасы жеткен. Дегенмен арнайы жүргізілген іс-шаралар барысында жарылғыш зат табылған жоқ.