Алматыда белгісіз біреулер бірнеше көшеге «жарылғыш заттар» қойып кетті

ТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Алматы қаласының «102» нөміріне 7 қараша күні, таңертеңгі сағат 10 жарымда Медеу ауданының бірнеше көшесінен жарылғыш заттар табылғандығы туралы екі хабар келіп түсті.

Бірінші ақпарат Қонаев пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында орналасқан қоқыс жәшігінің маңайынан табылған күдікті чемоданға қатысты болды. Төтенше жағдайды жоюға шұғыл әрекет ету қызметтері, соның ішінде ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД-ның 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында жарылғыш зат табылмады.

Екінші хабарламада Мәметова мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында орнатылған жарылғыш зат туралы айтылды. Төтенше жағдай орнына дереу шұғыл әрекет ету қызметтері, соның ішінде ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД-ның 5 адамы мен 1 техникасы жетті. Арнайы іс-шаралардың барысында хабарламаның жалғандығы анықталды.