Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның мәліметтеріне қарағанда, оқиға орын алған жердегі дәмханалардың бірінен екі азамат ауруханаға жеткізіліп, олардың біреуі алған жарақаттарының ауырлығынан көз жұмған. «Арнайы жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында қылмыстық әрекетке қатысы болуы мүмкін күдікті азамат анықталып, оны ұстау бойынша тиісті шаралар жүргізілуде», деді департамент бастығы.