Алматыда белгісіз ер адам букмекерлік кеңсенің күзетшісіне оқ атты
22:12, 26 Қазан 2015
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгісіз ер адам букмекерлік кеңсенің күзетшісіне оқ атты. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Оқыс оқиға Түрксіб ауданында орын алды. Мекеме күзетшісі мен белгісіз ер адамның арасында дау-жанжал шығып, олардың бірі букмекерлік кеңсенің күзетшісіне травматикалық қарудан оқ атқан. Қызметкер жеңіл жарақат алып, жедел жəрдем өкілдері оған дер кезінде көмек көрсетті. Алайда , жапа шегуші ауруханаға жатудан бас тартты.
Дəл қазір қоғамдық жерде қарудан оқ атқан бұзақының кім екендігі анықталды. Полиция оны іздестіруде. Бұл оқиға бойынша "бұзақылық" бабына сəйкес қылмыстық іс қозғалды.