Алматыда бензин буына уланған АЗС қызметкері көз жұмды

АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Блиц-Мұнай» май құю стансысында бензин буына уланудың салдарынан слесарь-механик мерт болды,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Сейсенбі күні сағат 21.28-де,      жанар-жағармай материалдарына арналған     сорғы резервуарында  жөндеу  жұмыстары кезінде      «Блиц-Мұнай»  серіктестігінің слесарь-механигі   бензин буына  уланып қалды,  деп  хабарлайды дерек көз.

77 жастағы   ер азамат  оқиға орнында көз жұмды.