Өрт 5 қараша күні 16 сағат 45 минутте 4 қабаттағы пәтерде шығып, 17 сағат 34 минутте толықтай сөндірілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 8 адамдық жеке құрамы мен 2 бірлік техникасы тартылды.
Өрт 15 шаршы метр жерді алды. Өртті сөндіру кезінде 1942 жылғы ер азаматтың мәйіті табылды. Қауіпсіз жерге 10 адам шығарылды, оның төртеуі балалар.