Шараны аталған институт жанындағы «Бес қару» әскери-патриоттық клубы мен Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту қоры бірлесіп ұйымдастырды. «Бес қару» клубының жетекшісі полковник Арман Жанұзақұлының айтуынша, мұндай шаралар тоқсан сайын ұйымдастырылып тұрады.
«Мұндай шараларды мектеп оқушыларының әскери мамандыққа қызығушылығын арттыру үшін ұйымдастырамыз. Тоқсан сайын өткізіп отырамыз. Біздің институтқа түскісі келетін оқушылар физика-математика пәндеріне қабілетті болуы керек. Оқу орнына тілек білдіруші түлектердің қатары жылдан-жылға артып келеді. Олар оқу орнын бітірген соң лейтенант атағын алып, еліміздің түкпір-түкпіріне қызмет етуге аттанады», - деді А.Жанұзақұлы.