Заңсыз сатылып келген жаңа жылдық «тарсылдақтар» полиция мен аудандық әкімшіліктердің, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының, «Нұр Отан» ХДП жастар қанатының бірлескен арнайы рейді барысында табылған.
«Соңғы 3 күннің ішінде жарылғыш заттарды сататын 144 заңсыз орын анықталды. 43 әкімшілік іс қозғалды. Заңға сәйкес жарылғыш заттарды лицензиясы бар арнайы дүкендерде ғана сатуға болады. Тексеру шарасы 15 қаңтарға дейін жалғасады. Бұған полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылып отыр»,- дейді ІІД-нің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының лицензиялық-рұқсат беру бөлімінің бастығы, подполковник Ерлан Мейманқұлов.