Оқыс оқиға Абай даңғылы мен Құрманғазы көшесінің ортасындағы Чайковский көшесінде болған.
Куəгерлердің айтуынша, бұл көшеде асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазылған жолдың жиегі опырылып, ішіне бетон араластырғыш көлік аударылып түскен. Көлік ішінде жүргізуші болмағандықтан, зардап шеккен ешкім жоқ. Оқиға орнындағылар көлікті шығара алмай əлек болуда.