АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ер адам ұрғаннан кейін қозғала алмай қалған қыздың жағдайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, науқас қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.
Дәрігерлер толық тексергенен кейін ол ауруханаға жатқызылды. Есін біледі.
«Оған жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы диагнозы қойылды. Жағдайы орташа ауыр. Науқас нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Ол бүкіл қажетті медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр», - деп түсіндірді ведомстводан.
Бұған дейін Алматыда 25 жастағы қызды бетінен ұрған ер адамның ұсталғанын жазған болатынбыз.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.