2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік универсиада ойындарының қарсаңындағы тесттік жарысқа 100-ге тарта спортшы қатысып жатыр.
Жарыстың бірінші күні спортшылар спринт бағдарламасы бойынша бақ сынасты. 10 шақырым жүгіруден ерлер арасында ШҚО спортшысы Ян Савицкий бірінші орын алды. Екінші жəне үшінші орын павлодарлық қос спортшы Антон Пантов пен Максим Браунға бұйырды.
Қыздар арасында 7,5 шақырым қашықтықты тағы да ШҚО спортшысы Галина Вишневская бірінші болып жүгіріп келді. Күміс жүлде Павлодардан келген спортшы Дарья Усановаға, қола жүлде Ақмола облысынан барған Алина Райковаға бұйырды.
Жасөспірім спортшылар арасында бірнші орынды Павлодарлық Арина Пантова (26:36) жеңіп алды. Елизавета Бельченко (ШҚО) мен Людмила Ахатова (Карағанды облысы) 28:06 және 28:45 ұпайларымен одан кейінгі орындарға жайғасты.