Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Латвия, Өзбекстан, Украина және Моңғолиядан 92 спортшы қатысуда.
Ширек финалда алматылықтардан Әлихан Қаранеев бішкектік Кубанычбек Сағындықовты (6:4), Дәурен Орынбаев қарағандылық Әлібек Омаровты (6:5) ұтты. Қонақтардан орынборлық Олег Еркулев алматылық Николай Громовтан (6:2), черновцылық Ярослав Тарновецкий бішкектік Зайлан Адамовтан (6:0) басым түсті. Әлихан мен Дәурен өзара жартылай финалда кездесіп, онда 6:5 есебімен Ә. Қаранеев басым түсті. Қазір Ресейден келген О. Еркулевті дәл осындай есеппен ұтқан украин Я.Тарновецкий енді Азия чемпионы атану үшін Ә. Қаранеевпен күш сынасуда.