Одан кейінгі орындарды Алматы қаласының "Классик" және Ақтау қаласының "Стигал" клубтары бөлісті. Бұл бәсекеге 8 қаладан 15 команда қатысқан болатын. Астаналық клубтың мүшесі халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ернар Шимбаевтың бильярдтың "Пул 9" түрінен өткен Х Қазақстан чемпионатында да мерейі үстем шықты. Бұл додада қарағандылық Виталий Никифоров күміс, алматылық Александр Власихин қола жүлдегер атанды.
15:45, 19 Қыркүйек 2011
Алматыда бильярдтан ел чемпионаты өтті
АЛМАТЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыда бильярдтан күзгі турнирлер сериясы аяқталды. Онда Клубтық командалық Х Қазақстан чемпионатында Ернар Шимбаев, Қуаныш Абпасов пен Азат Түменбаевтан құралған Астана қаласының "Премьер лига" клубы жеңімпаз атанды.