Оған бүкіл Қазақстан бойынша барлығы 118 еркек және 14 әйел қатысты», - деп хабарлайды ҚР бильярд спорты федерациясының баспасөз қызметінен.
Сонымен, төрт күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша чемпионаттың жеңімпаздары анықталды.
Ерлер арасында спорт шебері, Дәурен Орынбаев (Алматы) бірінші орынды жеңіп алды. Тағы бір алматылық бильярдшы, еңбек сіңірген спорт шебері Қаныбек Сағындықов екінші орынға ие болды. Ал үшінші орынды спорт шебері Дмитрий Григорьев (Қарағанды) пен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ернар Шымбаев (Алматы) өзара бөлісті.
Әйелдер арасында өткен жарыста спорт шебері Ақерке Ушакова (Астана) бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды астаналық бильярдшы Айна Әкімова (Астана) иеленді. Ал үшінші орын спорт шеберлігіне кандидат Анжела Ахметоваға бұйырды.
Естеріңізге сала кетелік, 2016 жылдың 29 наурызы мен 2 сәуірі аралығында Алматыдағы Республика сарайында ерлер мен әйелдер арасында бильярд спортының «Құрама пирамида» түрі бойынша Әлем чемпионаты өткізіледі.