Оны ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-тәжірибелік денсаулық тәрбиесі орталығы ұйымдастырып отыр.
Ол Халықаралық бильярд спорты федерациясының тәртібімен өтеді. Жарысқа орта білім беру мекемелерінің оқушылары мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатысады. Оның басты мақсаты - жастарды дене шынықтыру мен спортпен тұрақты айналысуға тартып, бильярдты оқушы жастар арасында насихаттап, спорттық шеберлікті арттыру және мықты тастаяқшыларды анықтау.