Алматыда бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен 18 жасқа дейінгілер арасында ел чемпионаты басталды

None
АЛМАТЫ. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда 18 жасқа дейінгілер арасында бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен ел чемпионаты басталды.

27 наурызға дейін созылатын бұл жарысқа республиканың түкпір-түкпірінен 64 спортшыға қатысу құқы берілген.

Сондай-ақ 28-30 наурыз күндері мұнда «Құрастырмалы пирамидадан», ал 31 наурызда «Пул-9» бойынша дәстүрлі Қазақстан чемпионаттары өтпек.

Былтыр бұл додада теміртаулық Медет Тұяқов «Еркін пирамидадан» бірінші, «Құрастырмалы пирамидадан» төртінші орын алған болатын. Ал байқоңырлық Темірлан Көшеров екі сында да үздік үштіктің қатарынан табылды. Сондай-ақ семейлік Тәлімжан Тоқтасынов «Құрастырмалы пирамидада», алматылық Абылайхан Қаранеев «Пул-9» жарысында жеңімпаз атанған еді.