Алматыда бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен Азияның дәстүрлі ашық чемпионаты басталды

rong> Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы Республика сарайында  бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен 8-ші Азияның ашық чемпионаты басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны  Бүкіләлемдік бильярд спорты конфедерациясы мен Бүкіләлемдік пул қауымдастығының қамқорлығымен  Қазақстан Республикасының бильярд спорты федерациясы ұйымдастырып отыр. Оған бұл жолы әлемнің 15 елінен 86 спортшы қатысуда. Олардың арасында ең үлкен делегация - жарыс қожайындарынан (43) басқа Ресей (15) мен  Қырғызстаннан (8) келіп отыр. Ал  Өзбекстаннан - 4,  Украина мен Түрікменстаннан үш-үштен,  Белорустан -2,  Әзірбайжан, АҚШ, Израиль, Италия, Қытай, Моңғолия, Финляндия мен  Чехиядан бір-бірден ойыншы бар.

Жарыстың алғашқы  кезеңінде олар айналым жүйесі бойынша сайысқа түсіп,  екі рет жеңіліс тапқан спортшы ойыннан шығады. Жеңімпаздардың арасынан екінші кезеңге үздік 16 бильярдшы ғана жолдама алады. Олимпиадалық жүйе бойынша өтетін бұл сында жартылай финал - 6, ал ақтық кездесу 7 жеңіске дейін созылады. Оған белорустық халықаралық дәрежедегі төреші Юрий Черванов бастаған қазылар алқасы төрелік жасайды. Азия чемпионатының ақтық ойыны  маусымның 27-сі күні Атакент сауда көрмесі іскерлік орталығында өтеді.