«НеМолчиKz» қорының негізін қалаушы Дина Тансари өзінің Facebook парақшасында балада соққы іздері мен ми жарақаты бар екенін жазды.
«Директор мұны өзі секілді басқа бала жасады деп мәлімдейді. Оған сену қиын», - деп жазды ол.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті ҚР ҚК 141-бабы (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді және Жетісу аудандық полиция басқармасының іс жүргізуіне берілді.
«Тергеу аясында тиісті жұмыстар мен сараптамалық зерттеулер жүргізіледі, олардың нәтижесінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады», - деп атап өтті қалалық полиция департаменті.
Фото: facebook.com/dina.tansari