Оның айтуынша, медициналық анықтамасы барларды қоспағанда, мұғалімдердің 100% екпе төлқұжатын алған.
Ләззат Жылқыбаева білім беру қызметкерлеріне вакцинация балалардың денсаулығын қорғауға, инфекция тізбегін үзуге және коронавирустың таралуын оқшаулауға көмектеседі деген ойда.
«Пандемия білім беру жүйесін онлайн режиміне көшуге мәжбүрледі, бірақ дәстүрлі формата оқумен ешнәрсе теңесе алмайды. Сондықтан қыркүйек айында офлайн режимде жұмыс істеу үшін мектептерде барлық мұғалім мен басқа қызметкерлерге вакцинация жүргізілді»,- дейді басқарма басшысы.