Алматыда Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 25 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде алғаш рет жастар саясаты, дене тәрбиесі, мектептік және студенттік спорт саласын дамыту мәселелері  қарастырылып жатыр.

Оған ҚР Парламент депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министр кеңсесінің өкілдері,  облыс әкімдері және орынбасарлары, облыстық білім басқармасы басшылары, білім және ғылым саласында жұмыс істейтін өңірлік департамент директорлары, білім беру ұйымдарының жетекшілері, 100-ден астам жоғары оқу орындарының ректорлары, колледж және кәсіби лицейлердің, бала құқығын қорғау органдары мен  жастар ұйымы өкілдері  қатысуда.

Әлемдің тәжірибеге қарағанда,  спорттық қызмет  көрсетумен халықтың 30 пайызы  қамтылғанда ғана елге  жүктелген әлеуметтік функцияларды орындауға қабілетті болады екен. Қазақстанда түрлі бағалаулар бойынша бұл көрсеткіш қазір 20 пайыздан асты. Бүгінгі таңда спорттағы дарынды балаларға арналған  11 мектеп интернат, 15 жоғары спорттық шеберлік мектебі мен  17 олимпиада резервін дайындау орталығында 7 211 бала спорттық шеберлігін жетілдіруде. Оларды 938 жаттықтырушы  дайындайды. Ал жоғары оқу орындарында «Дене тәрбиесінің мұғалімі» мамандығы бойынша 16 мыңға жуық студент білім алуда. ҚР Білім және ғылым министрлігінің талдауына қарағанда, бұл саладағы басты мәселелер мыналар: дене тәрбиесі мұғалімдерінің сапалық құрамы, балаларды  жасөспірімдер спорттық ұйымдармен қамту,