деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Бұл - академияға 2009/2010 жылы мемлекеттік білім грантымен оқуға қабылданған студенттердің ширек бөлігі. Оқу жылының басында олардың саны 251 болған. Енді олардың қатары тағы 67 адаммен толығып отыр. Жалпы, 2009 жылы білім ордасы қосымша 388 грантқа ие болған болатын. Биыл бұл көрсеткіш өткен жылғыдан жоғары болады деп жоспарлап отырмыз", дейді Қазақтың М. Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясының ректоры Әділбек Ботабеков. Оның айтуынша, мемлекет өскелең жас ұрпақтың болашағын қамтамасыз етуде. Бұл Елбасының Қазақстан халқына жолдаған биылғы Жолдауында да өз көрінісін тауып отыр. Мәселен, сәуір айынан бастап студенттер шәкіртақысының 25 пайызға ұлғаюы, ал 2020 жылға қарай барлық балаларды мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамту - соның нақты айғағы.