18:28, 13 Мамыр 2009
Алматыда биоалуантүрлілік туралы халықаралық конференция өз жұмысын аяқтады
АЛМАТЫ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда өтіп жатқан «Биоалуантүрлілік және табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын аяқтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетінің 75 жылдығына арналған бұл шараны ботаника және экология кафедрасы ұйымдастырған болатын. Екі күнге созылған конференция жұмысына АҚШ, Башқұртстан, Дағыстан, Литва, Қырғызстан, Мысыр, Өзбекстан, Ресей, Франция, Үндістан, Украина сияқты елдерден келген ғалымдар 250-ден астам баяндама жасады. Олардың ішінде Израильдегі Бен-Гурион университетінің профессоры Михаил Даниленко, ӨР ҒА «Ботаника» ғылыми-өндірістік орталығының профессоры Рашид Шоякубов, Харьков ұлттық университетінің профессоры Ольга Ковпенко сияқты университет түлектері болды.