Синоптиктердің айтуынша, ауа температурасы күндіз 12 С шамасында болады.
«Иранның оңтүстік-батысынан шыққан жылы циклон қазіргі уақытта Алматыда төменгі қысым мен жоғары ылғалдылықтың сақталуына әсер етті. Сондықтан, қаланы бүгін түнде және таңертең тұман басады. Ауа температурасы түнде 0, -2 градус, күндіз 6 8 градус шамасында болады», - деді «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы метеорологиялық болжам бөлімінің жетекші инженері Бибігүл Бекмырзаева.
Ылғалды, жылы ауа-райы 9-10 ақпанға дейін созылады.
«9 ақпанға дейін ауа температурасы түнде 0, -5 градус, күндіз 7 12 градус болады», - деп атап өтті синоптиктер.
Қазгидрометтің хабарлауынша, ақпанның екінші онкүндігі жауын-шашынды болмақ.