«19 тамыз күні 10 655 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 4 730, II компонентін 5 925 адам салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 19 тамызы аралығында қалада барлығы 833 106 адам вакцина алды. Вакцина салғандардың ішінде 109 603 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.
Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған.
«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация пункттері жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.