«1 қыркүйек күні 11470 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 3 710 , II компонентін 7 760 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 1қыркүйек аралығында қалада 875 165 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 741 412 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 110 236 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.
Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған.
«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.