«2 сәуірдегі жағдай бойынша 7 060 адамға вакцина салынды. Бүгін Алматы қаласының тұрғындарын иммундау процесі жалғасады», - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.
Басқарма мәліметінше, қазір қалада 56 вакцина егу пункті жұмыс істейді.
Айта кетейік, вакцинаның бірінші компоненті 100% игерілді, барлығы 15 750 доза пайдаланылды.
«Спутник-V» екінші компонентімен вакцинация (ревакцинация) 15 сәуірге дейін жалғасады.
Бұған дейін Алматы әкімі қалаға ай сайын 250 мың доза вакцина бөлінетінін айтқан болатын.
Сонымен қатар, сәуір айында мегаполисте 250 вакцина пункті ашылады.