Алматыда бір күнде үш автобус апатқа ұшырады
№118 бағдардың автобусы Папанин көшесімен паркке қайтып бара жатқан.
Кожедуб көшесімен қиылыста автобустың алдын Тойота Прадо көлігі кес-кестейді.
Прадо көлік қозғалысы ережесіне сәйкес, автобусқа жол беруі тиіс болған.
Тежегішті басып үлгермеген автобус Прадоны бүйірден соғады. Жол апатынан Прадо жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алды.
Айта кету керек, бұл жексенбі күні жол апатына ұшыраған үшінші автобус. Түскі сағат 12-лер шамасында Қызылту ауылында Алматыға қатынайтын 418 бағдардың шағын автобусын ауыр КРАЗ жүк көлігі соғып, 5 адам жараланған болатын. Оқиғаны көргендердің айтуынша, КРАЗдың тежегіші істен шыққан.
Сондай-ақ, Жандосов пен Тимирязев көшелерінің жалғасатын тұсында №66 бағыт автобусының алдын қиып өтпек болған Ниссан көлігі үлгермей, екі көлік соғылған болатын. Жол апатынан жолаушы мен автобус жүргізушісі жапа шекті.