Алматыда бір күнге қосымша автобустар жолға шығады
01:33, 02 Мамыр 2022
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі 3 мамыр күні қосымша автобус маршруттарын ұйымдастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
3 мамыр - ата-аналар күні.
Осыған байланысты қала тұрғындары Алматы зираттарына баруы үшін уақытша автобус маршруттары ашылады:
- №88 бағдар «Қонаев көшесі-Батыс зират», жөнелту пункті - Қонаев және Мақатаев көшелерінің қиылысы (7 автобус)
- «Алматы т/ж вокзалы - 1-Батыс зират» қосымша бағыты, жөнелту пункті - Алматы т/ж вокзалы-1 (3 автобус)
- «Алматы - 1 теміржол көпірі – төменгі Пятилетка зираты» қосымша бағыты, жөнелту пункті-Алматы-1 теміржол көпірі (2 автобус).
Маршруттардың жұмыс тәртібі – сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін.