Алматыда бір отбасының үш адамы иіс тиіп уланып қалды

АСТАНА.  Қарашаның  12-сі. ҚазАқпарат - Алматыда пештегі ақаудың  салдарынан    бір отбасының  үш  адамы   иіс тиіп уланып қалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме  жасап.

Оқиға  сәрсенбі күні     қаланың Түрксіб  ауданындағы Герцен көшесінде тұрғын  үйлердің бірінде   орын  алған.      34 жастағы   отағасы,   8   жасар бала мен  әлі  1 жасқа толмаған        нәресте    иіс тиіп уланып қалды.