Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, 2021 жылдың ақпан айынан биылғы 30 қаңтарға дейін қалада вакцинаның бірінші компонентін - 1 109 919 адам, екінші компонентін - 1 052 671 адам алған.
Вакцина алғандардың ішінде 60 жастан асқан қарттардың саны - 124 090.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 42 466 адам, оның ішінде 2 213 жүкті әйел, 9 287 емізулі ана және 30 966 бала мен жасөспірім егілді.
159 149 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.
«Қаланың медициналық ұйымдарында 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкерлері жұмылдырылды», - делінген баспасөз хабарламасында.