Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 3 маусым күні 1 739 алматылық вакцина салдырды.
Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 3 маусымы аралығында қалада барлығы 311 546 адамға екпе салынды.
Вакцина алғандардың ішінде 60 жастан асқан қарт кісілердің үлесі - 30 773.
Қалада 212 пункт жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар.
Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған.
«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Бүгінде Қазақстанда QazVac, «Спутник V», Hayat Vax және CoronaVac секілді төрт вакцина қолданылып отыр.