«3 қазан күні 1968 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 678 , II компонентін 1 290 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 03 қазан аралығында қалада 956 779 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 877 749 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 118 416 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 149 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.
«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.