«6 шілде күні 10 158 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 6 шілдесі аралығында қалада барлығы 540 343 адам вакцина салдырды, оның толық дозасын 327 303 адам алды «,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 212 пункт жұмыс істеп тұр. 1 260 адамнан тұратын 308 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.
«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.